«Мағжан » бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Түркістан облысының білім басқармасының, Төлеби ауданының білім бөлімінің «Мағжан» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен-жайы) | Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Қапал Батыр көшесі №16Б |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт) | Ұялы телефон: 8 705—348 -47 -07 Электронды поштасы: sadikmagzhan@mail.ru webсайт: http://magzhanbobekzhai.tilda.ws/page34272957.html фейсбук: https://www.facebook.com/share/v/18Cy8a56py/ инстаграмм:https: http://magzhanbobekzhai.tilda.ws/page34272957.html |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі) | Алишерова Жулдыз Сериковна Төлеби ауданы, Ленгір қаласы әкімінің 2015 жыл 21желтоқсан №92 бұйрығымен тағайындалды. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 27.11. 2015жылы өткен. БСН 151140024181 Кәсіпорын жарғысы Төлеби аудандық тіркеу және кадастр бөлімі 2015 жыл. 27-қараша Тіркеу №800-1958-09МК |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мемлекеттік лицензия 06.03.2024 жыл №Х77М0А7 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы |
| 7 | Құрылған жылы | 2015 жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Екі қабатты типтік |
| 9 | Топтар саны | 13 топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі және Орыс тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер: І ауысым; ІІ ауысым |
| 13 | МДҰ – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 315 балаға арналған. 24.01.2020 жылы №KZ49VWF00021974 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты типтік үлгіде. Балабақша 315 орындық, қазіргі таңда 315тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 13 топқа топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін, 10,5 сағат жұмыс жасайды. 2024 жылдың сәуір айына дейін 315 бала 13 топқа топтастырылса, 2024 жылдың сәуір айынан бастап, қазіргі таңда 315 тәрбиеленуші 13 топқа «Ботақан» кіші тобына, «Қошақан» кіші тобына «Құлыншақ» кіші тобы «Алан» ортаңғы тобы, «Арлан» ортаңғы тобы «Маулен» орыс ортаңғы тобы «Балапан» ересек тобына, «Көжек» ересек тобына, «Құралай» ересек тобына, «Қонжық» инклюзивтті ересек тобына, «Айзере» орыс мектеп алды «Мағжан» мектеп алды «Алина» мектеп алды тобына топтастырылған.
Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде және орыс тілдерінді тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын, жатын бөлмелері, меңгеруші, әдістемелік, психолог, логопед бөлмелері, музыка залы бөлмесі, медицина бөлмесі, кір жуу бөлмесі, асхана, мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі табиғи газбен жылытылады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте қабылдау бөлмесі, емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман жабдықтармен жабдықталған.
Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы және топтарға арналған жазғы шатырлар өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар көлеңкелі қоршау орындығымен гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.
Балабақшаның арнайы бөлмелері:
— Меңгеруші бөлмесі;
— Әдістемелік бөлмесі;
— Әдіскер бөлмесі;
— Психолог бөлмесі;
— Логопед бөлмесі
— Музыка залы
— Дене тәрбиесі бөлмесі;
— Теледидар – 3 дана;
— Компьютер – 14 дана;
— Ноутбук — 1 дана;
— Принтер-10 дана.
— Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы», «Табиғат бұрышы», дамытушы кеңістік орта жасақталған.