БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыТүркістан облысының білім басқармасының, Төлеби  ауданының  білім бөлімінің   «Мағжан»  бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны   
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен-жайы)Түркістан облысы, Төлеби   ауданы, Ленгір қаласы, Қапал Батыр  көшесі №16Б     
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт)Ұялы телефон:  8 705—348 -47 -07
Электронды поштасы: sadikmagzhan@mail.ru webсайт:  http://magzhanbobekzhai.tilda.ws/page34272957.html
фейсбук: https://www.facebook.com/share/v/18Cy8a56py/ инстаграмм:https: http://magzhanbobekzhai.tilda.ws/page34272957.html
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)Алишерова Жулдыз Сериковна  Төлеби  ауданы, Ленгір қаласы  әкімінің  2015  жыл  21желтоқсан  №92 бұйрығымен тағайындалды.  
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 27.11. 2015жылы өткен. БСН  151140024181 Кәсіпорын жарғысы  Төлеби  аудандық тіркеу және кадастр бөлімі  2015 жыл. 27-қараша Тіркеу №800-1958-09МК
Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мемлекеттік лицензия  06.03.2024 жыл   №Х77М0А7  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы
7Құрылған жылы2015  жыл
8Типтік ғимаратЕкі қабатты типтік
9Топтар саны13 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі және Орыс тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:  І ауысым; ІІ ауысым
13МДҰ – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 315  балаға арналған.  24.01.2020 жылы  №KZ49VWF00021974  санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша  ғимараты типтік үлгіде. Балабақша 315 орындық, қазіргі таңда 315тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 13 топқа топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін, 10,5  сағат  жұмыс жасайды. 2024 жылдың  сәуір айына дейін 315 бала  13  топқа топтастырылса, 2024 жылдың сәуір айынан бастап, қазіргі таңда  315 тәрбиеленуші  13 топқа «Ботақан»  кіші  тобына,  «Қошақан» кіші тобына «Құлыншақ» кіші тобы «Алан» ортаңғы тобы, «Арлан» ортаңғы тобы «Маулен» орыс ортаңғы тобы «Балапан» ересек тобына, «Көжек» ересек тобына, «Құралай»  ересек  тобына, «Қонжық» инклюзивтті ересек тобына, «Айзере» орыс мектеп алды «Мағжан» мектеп алды «Алина» мектеп алды тобына топтастырылған.

Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде және орыс тілдерінді  тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын, жатын  бөлмелері, меңгеруші, әдістемелік, психолог, логопед  бөлмелері, музыка залы  бөлмесі, медицина бөлмесі, кір жуу бөлмесі, асхана, мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі табиғи газбен жылытылады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл  түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 

Балабақшада медициналық  кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық  кабинетте қабылдау бөлмесі, емшара  бөлмесі,  оқшаулау  бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман  жабдықтармен  жабдықталған.   

Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын  алаңы және топтарға арналған жазғы шатырлар өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар көлеңкелі қоршау орындығымен гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.

Балабақшаның арнайы бөлмелері:

— Меңгеруші бөлмесі;

— Әдістемелік бөлмесі;

— Әдіскер бөлмесі;

—  Психолог бөлмесі;

—  Логопед бөлмесі

 —  Музыка залы

— Дене тәрбиесі бөлмесі;

— Теледидар – 3 дана;

— Компьютер – 14 дана;

— Ноутбук — 1 дана;

— Принтер-10 дана.                                                                                                              

— Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде  «Ұлттық бұрыш»,  «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы»,  «Табиғат бұрышы»,  дамытушы  кеңістік орта жасақталған.